Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 9 млн теңгеге жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды

Жол қозғалысы ережесін бұзған 8 жүргізушінің 9 млн теңге қарыз екендігі анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Polisia.kz жазған мәліметке сүйеніп.

10.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Олар жол ережесін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Қазіргі таңда көліктері айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараларын жүргізіп жатыр. Көлік құралдарына жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерін орнатқан, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көліктерді анықтауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, полицейлер құқық бұзушылықты анықтаудың электрондық жүйесі «Сергек» пен «Қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасы арқылы жол қозғалысы жағдайын бақылауға алды. Ай басталғалы жол қауіпсіздігін сақтамаған 4 342 құқық бұзушылық анықталды және көлікті мас күйінде басқарған 44 жүргізуші ұсталды.

Автоматтандырылған ақпараттық бақылау жүйесінің көмегімен 46 жүргізушінің жалған тіркелген нөмірмен жүргені белгілі болды. Одан бөлек, 220-сы көлік сақтандырусыз, 397-сі техникалық бақылаусыз, 47-сі мемлекеттік нөмірсіз жүрген.

Сонымен қатар, сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылса да, көлік жүргізіп жүрген 7 жүргізуші ұсталды. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 62 автокөлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды.

Тегтер: жол ережесісергек

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz