Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлау учаскелерінің дайындығы туралы айтып берді.

10.10.2022
Жаңалықтар

«Алматыда Президент сайлауына байланысты 600 сайлау комиссиясы құрылды. Сегіз аудандық және бір қалалық сайлау комиссиясы жұмыстарын бастауда. Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктермен бірлесіп сайлаушылардың тізімі реттеліп жатыр. Әрбір азамат егер сайлау тізімінде болмаса немесе басқа қалада тіркелген болса, арызданып, өзін тізімге енгізе алады. Бұл шара 30 қазанға дейін жалғасады. Одан кейін өзін тізімге қосу мүмкіндігі жойылады. Осыны ескеру қажет», – деді Жанна Асанова.

Сонымен қатар, спикер 30 қазаннан кейін есептен шығару куәліктері берілетінін айтты.

«Есептен шығару куәліктерін алған тұрғындар басқа қалада, өңірде дауыс бере алады. Қазіргі уақытта біздің қызметіміз – азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексеру», – деді ол.

Еске салайық, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz