Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы – Қорғас тасжолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

9 қарашадан бастап Алматы облысындағы республикалық маңызы бар Алматы – Қорғас тасжолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026
Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүйе көлік құралының бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Жүріп өткен арақашықтық пен жұмсалған уақыт негізінде көліктің орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеледі.

Осылайша жүргізушілердің камера алдында ғана жылдамдықты төмендетуі жеткіліксіз. Олар тасжолдың бүкіл бақыланатын учаскесінде белгіленген жылдамдық режимін сақтауы тиіс.

Министрлік қала сыртындағы жолдарда, әсіресе қозғалыс қарқыны төмен әрі жол түзу болған жағдайда жүргізушілердің жылдамдықты байқамай асырып жіберуі мүмкін екенін ескертеді. Ал жылдамдықты шамадан тыс арттыру ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Сондай-ақ қараша айында күннің ерте батуы, көктайғақ, тұман мен қардың түсуі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіреді.

Осыған байланысты ІІМ жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырады.

Айта кетейік, 9 қарашадан бастап орташа жылдамдықты бақылау жүйесі Алматы – Қорғас тасжолымен қатар Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарында да іске қосылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
12.11.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
12.11.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
12.11.2026

Қонаевта саяжайлар сүріле ме? Қала әкімдігі түсініктеме берді

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

Жаңа Конституция – Қазақстан дамуының құқықтық негізі

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz