Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы – Қаскелең автомобиль жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бектенов Мемлекет басшысының Алматы және оған жақын елді мекен тұрғындарының жолдағы көлік кептелісіне қатысты шағымдарына назар аударғанын айтты.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласы мен оған іргелес елді мекендер тұрғындары тарапынан «Алматы – Қаскелең» жолындағы көлік қозғалысының жоғары жүктемесіне қатысты айтылып жүрген шағымдарға назар аударды. Президент жолды кеңейту жобасын дереу бастау туралы тапсырма берді. Мердігер осы аптаның соңына дейін қажетті техника мен жұмыс күшін жұмылдыруы қажет. Құрылыс жұмыстарын дүйсенбі, 20 шілде күні бастау керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы сапалы әрі барынша қысқа мерзімде орындалуы тиіс», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр жоба құнының бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін баса айтты.

«Жобаны жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын жер учаскелеріне қатысты алыпсатарлыққа жол берілмеуі үшін олардың құнын кешегі, 14 шілдедегі жағдай бойынша белгілеу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматыдан Қаскелең қаласына дейінгі автожол учаскесінің 8 шақырымдық бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту жобасын ұсынды. Жобаны қаржыландыру Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау және пайдалануға беру 2027 жылғы желтоқсан айына жоспарланған.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының мәліметінше, мегаполиске күн сайын 300 мың автокөлік кіреді. Қала ішіндегі автокөліктерді қоса есептегенде, жол қозғалысының жалпы көлемін миллионнан астам көлік құралын құрайды. Алматы – Қаскелең автомобиль жолы Алматы агломерациясындағы ең қарқынды қозғалыс жүретін жол учаскелерінің бірі. Бұл жолдағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 60 мың автокөлікке жетеді. Сондай-ақ Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы туралы баяндалды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылынан ұзындығы 32 шақырым болатын балама жол салу жұмыстарының басталғаны туралы баяндады. Бұл жоба Алматы – Қаскелең тас жолына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған жобалар бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысында жер мәселелерін шешу жұмыстары соңғы сатыда тұр.

Сонымен қатар Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды. Алматы – Есік және Алматы – Талғар бағыттарындағы автожол жобалары қаралды. Сондай-ақ рельсті көлікті және Алматы метрополитенін дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Олжас Бектенов Алматы агломерациясының көлік байланысы мәселелерін кешенді шешу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының диқандары егін орағына кірісті

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz