Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы полициясы есірткі тасымалдаумен айналысқандардың жолын кесті

Алматыда есірткі тиелген 2 көлік тоқтатылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.  

21.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Шаһардың «Ақсай» ықшам ауданында полиция қызметкерлері таңғы 7-де есірткі қылмысына күдікті көлікті тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында қара және көк түсті изолентамен оралған полиэтилен байламдары табылып, тәркіленген. Бұл байламдардың ішінде иісі бар ақ түсті ұнтақ зат болған. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар синтетикалық «мефедрон» есірткісі болып шықты.

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов: «1995 жылы туған Д. есімді азамат мінген «Дэу Нексиа» көлігі тоқтатылды. Ал жолаушы 25 жастағы ер адам. Ұсталғандардың үстінен ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша іс қозғалады», — деді ресми мәліметінде.

Алматыдағы Медеу ауданына қарасты, Оспанов көшесінің бойында полицияның арнайы жасағы тағы бір күдікті көлікті тоқтатқан.

«Тойота Камри» көлігін 1990 жылы туған К. есімді азамат басқарған. Көлікті тексеру барысында қара изолентамен оралған 4 полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ол да «мефедрон» есірткісі. Бұл іске байланысты да тергеу амалдары жүргізіледі», — деді подполковник Әлмағамбетов.

Бұл азаматтар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: Есірткімефедрон

Соңғы жаңалықтар

Фото: Ашық дереккөзден

Ертең Қонаевта «Барс» эко-паркінің алғашқы ағаштарын отырғызу рәсімі өтеді

Мөлдір Иманмади
10.04.2026

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz