Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жағажайлары шомылу маусымына дайын

1 маусымнан бастап Алматы облысында шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Өңірде тұрғындар мен туристердің қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету үшін арнайы рұқсат етілген жағажайлар бекітіліп, қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жауапты органдардың мәліметінше, шомылуға рұқсат етілген орындарда қауіпсіздік талаптары толық сақталған. Атап айтқанда, су айдындарының түбі зерттеліп, тазартылған, қоршаулар мен ескерту белгілері орнатылған, құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Сондай-ақ санитарлық талаптардың орындалуы бақылауға алынған.

Өңірде әсіресе Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайларды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның бірі – өткен жылы толық абаттандырылып, пайдалануға берілген №5 жағажай.

Мұнда футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын аймақтары, воркаут алаңдары, фудкорттар, пирс, душ кабиналары, киім ауыстыратын орындар мен автотұрақ қарастырылған. Қауіпсіздік мақсатында жағажайда құтқару бекеттері, медициналық пункт, SOS батырмаларымен жабдықталған бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді.

Ал №6 және №7 коммуналдық жағажайларда абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Туристер арасында сұранысқа ие Қапшағай су қоймасы жағалауындағы жекеменшік демалыс орындары да жазғы маусымда келушілерді қабылдайды. Олардың қатарында Delmare, На море, Home Club, Comfort және басқа да демалыс кешендері бар.

Сонымен қатар қауіпсіз әрі жайлы демалыс үшін Первомайские пруды және Park Resort Восемь озер кешендері де жұмыс істейді.

Мамандар тұрғындарды тек арнайы рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады. Рұқсат етілмеген аумақтарда, ағысы қатты жерлерде және шағын кемелер жүретін аймақтарға жақын маңда суға түсуге қатаң тыйым салынған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шомылу маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Прокуратура, полиция және көлік инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен жүйелі рейдтер ұйымдастырылып, бақылау барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, жазғы демалысты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz