Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының таулы аймағындағы өрт толық сөндірілді

Алматы облысындағы Бақтияр Сай шатқалында болған дала өрті толықтай сөндірілді. Мемлекеттік жер қоры аумағында тұтанған өрт салдарынан құрғақ шөп жанып, жалын шамамен 8 гектар аумаққа тараған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өртті ауыздықтау жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы мен өрт сөндіру бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды. Құтқару операциясы шамамен сегіз сағатқа созылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Ақтоты Аятқызының айтуынша, өртті сөндіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты күрделене түскен.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы өрт ошағына жалпы көлемі 51 тонна су төгіп, 17 рет әуеден су шашу жұмыстарын жүргізді. Өртті сөндіруге аптап ыстық пен секундына 4 метрге дейін жеткен солтүстік-батыс желі кедергі келтірді. Соған қарамастан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және орман шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді», – деді Ақтоты Аятқызы.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнбеген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz