Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының прокуроры тағайындалды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

02.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат
Суретті түсірген Аслан Қажеке

Суретті түсірген Аслан Қажеке

Мемлекет басшысының келісімі бойынша және Бас прокурордың 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.

Адамов Берік Абызбайұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Алматы облысының прокурорын тағайындау рәсіміне Қонаев қаласына ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев келді. Ол аумақтағы бірталай қордаланған мәселелерді атап өтіп, жаңадан тағайындалған Берік Адамовтың сол түйіндерді тарқатуға бірқатар еңбек сіңіретініне сенімін білдірді. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев прокурормен бірлесіп, қарқынды жұмыс атқаратынын айтты.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

 

Тегтер: жаңа лауазымпрокурор

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz