Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі талғарлық белсенділерді қабылдады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының қоғам белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

10.08.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Жиында айтылған талғарлықтардың көкейкесті мәселелері:

  • интернет желісінің нашарлығы;
  • жөндеу көрмеген жолдар;
  • Алматы қаласымен автобус қатынасы;
  • бірқатар мектептердің жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын еместігі;
  • баспанаға, жер телімдеріне және жайылым жерлерге кезектің баяу жүруі.

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар тұрғыны Ирина Ким кейбір ауылдық округтерде аз қамтылған отбасыларға заңды жеңілдіктерге (мектеп асханасында баланың тегін тамақтануы, АӘК алу, т.б) қол жеткізудің қиын екенін айтты. Олар мемлекет көмегінен тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ болғандықтан да қағылатынын атап өтті.

Талғар белсендісі Галина Арзамасованың айтуынша, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолы — тиісті мамандардың АӘК-ті мұқтаж жандарға жеке тәртіппен тағайындауы болмақ. Алайда, бюрократизмнің әсерінен мұндай шара қолданылуы екіталай.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелерді субсидияламаудың кері әсері мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге тиетіні туралы сөз қозғады.

«Оқушылар он бес жасқа толғаннан кейін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру құқығынан айырылады», — дейді талғарлық белсенді.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындардың мәселесін түртіп алып, тиісті мамандарға түйіткілдердің түйінін тарқатуға тапсырма берді. Ол жақын арада Талғар ауданына барып, тұрғындар шағымданған бірқатар нысанды тексеретінін айтты.

Тегтер: Талғархалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz