Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі су тасқыны мен көшкін қаупі бар аймақтарды тексерді

Алматы облысының әкімі көктемгі су тасқыны мен көшкін қаупі жоғары аймақтарға жұмыс сапарымен барып, жағдайды көзбен көріп, бақылау жүргізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.02.2025
Жаңалықтар

Инспекция барысында ол бірқатар маңызды нысандарды аралап, жауапты тұлғалардың есептерін тыңдады.

Ең алдымен, Іле ауданындағы Жармұханбет өзені бойындағы су басу қаупі бар аумаққа барды. Мұнда Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарының әкімдеріне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтіп, инженерлік құрылыстардың дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.
Одан кейін Талғар, Есік және Түрген өзендері бассейндеріндегі мореналық көлдерге әуе шолу жасалды. Әсіресе, қауіпсіздік шараларын күшейту мен жаңа бөгеттер салу қажеттілігі бар аймақтарға ерекше назар аударылды.

«Халықтың қауіпсіздігі – басты міндет. Табиғи қауіп-қатерлерге жедел әрекет етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуымыз қажет», – деп атап өтті облыс әкімі.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны мен көшкіннің алдын алу және салдарын жою бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. Қорғаныс құрылыстары күшейтіліп, мореналық көлдер бақылауға алынған. Барлық шұғыл қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді. Жыл басынан бері 23,5 км өзен арналары түзетіліп, бекітілді, 16 тонна қалдық шығарылды, 5 қорғаныс бөгеті (7,9 км) салынды. Тасқындарға жедел әрекет ету үшін 1326 маман, 471 техника, 126 мотопомпа және 29 қайық жұмылдырылды. Қажетті материалдық қорлар дайындалған. Су басу қаупі жоғары 20 учаскенің 7-еуі толық қауіпсіздендіріліп, қалған 13-інде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz