Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Өз таңдауын жасағаннан кейін өңір басшысы журналистерге сайлаудың өту барысы туралы айтып, облыста сайлаушылар үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

“Бүгін — еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы, біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған”, — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдіріп, бұл саяси науқан Қазақстан үшін маңызды кезең екенін атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге айқындауға мүмкіндік береді”, — деді өңір басшысы.

Айта кетейік, 23 тамызда сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 742 мыңнан астам тұрғыны Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды: сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Қазақстанның үздік спортшылары Алматы облысында Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауы: күннің екінші жартысында сайлаушылар белсенділігі артты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Президент Үкіметке жаңа міндет жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz