Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жылыту маусымы басталды

Алматы облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты жылыту маусымы басталды. Алдымен таулы аймақтардағы нысандарға жылу берілсе, өзге аудандарда жылыту жүйесі 15 қазанға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Өңірде қысқы маусымға дайындық жұмыстарына 13,6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Alataunews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2026
Жаңалықтар

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінде өңірдегі жалпы қуаты 452 Гкал болатын 18 орталықтандырылған және 84 блокты-модульді қазандық жылу беруге толық дайын. Жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында жылу және электр желілерін жаңғырту, қазандықтарды жөндеу, отын қорын қалыптастыру жұмыстары жүргізілген.

Биыл жылыту маусымына дайындыққа және оны өткізуге 13,6 млрд теңге қарастырылды. Оның 8,2 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлініп, сұйық және қатты отын сатып алуға, сондай-ақ жылу және электрмен жабдықтау нысандарын жөндеуге бағытталды.

Бұдан бөлек, энергия беруші кәсіпорындар есебінен 2,8 млрд теңге қарастырылған. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жылу желілерін реконструкциялауға 2 млрд теңге, ал Алатау қаласының Жетіген шағын ауданындағы қазандықты жөндеуге Үкімет резервінен 661 млн теңге бөлінді.

Алатау мен Қонаевта жылу жүйелері жаңартылды

Алатау қаласындағы «ДОС» қазандығын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жоспар бойынша нысан 10 қазанға дейін пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар Қарасай ауданының «Алтын ауыл» және «Қарлығаш» шағын аудандарындағы екі блокты-модульді қазандық жөнделді.

Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 188 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта оның 6,7 шақырымы жаңартылып жатыр. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталған жағдайда желілердің тозу деңгейі 40 пайыздан 38,5 пайызға дейін төмендейді.

Қонаев қаласында ұлттық жоба аясында жалпы құны 2 млрд теңге болатын екі жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде ұзындығы 2,3 шақырым жылу желісін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Электр желілерінің тозу деңгейі төмендетіледі

Жылыту маусымына дайындық барысында электрмен жабдықтау жүйесіне де ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта облыстағы 152 қосалқы станса мен 1 552,9 шақырым электр желісін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Ал «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ биыл жоспарланған 1 179,3 шақырым электр желісін жөндеу жұмыстарын толық орындаған.

Сонымен қатар ұлттық жоба шеңберінде электрмен жабдықтау саласында жалпы құны 58,9 млрд теңге болатын алты жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жұмыстар электр желілерінің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нысандарға қажетті отын жеткізілді

Облыстағы мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандардың қысқы маусымда үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті отын қоры дайындалды. Атап айтқанда, мекемелерге 12,6 мың тонна сұйық және 4,5 мың тонна қатты отын жеткізілген.

Қазіргі уақытта Алматы облысындағы 2 156 көппәтерлі тұрғын үйдің 1 469-ы, яғни шамамен 71 пайызы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Өңір халқының көмірге жалпы қажеттілігі 666 мың тоннаны құрайды. Дегенмен елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыру нәтижесінде көмір тұтыну көлемі жыл сайын орта есеппен 6–7 пайызға азайып келеді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жылыту маусымына қажетті негізгі инфрақұрылым дайын. Алдағы күндері ауа райы жағдайына байланысты жылу беру жұмыстары қалған аудандарда да кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Осылайша, Алматы облысында жылыту маусымын 15 қазанға дейін толық бастау жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2026

Қазақстанда мал иелеріне салынатын айыппұл екі есе өсуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2026

Қазақстанда жәрдемақы төлеу тәртібі өзгереді: кімдер төлемнен қағылуы мүмкін?

Қорлан Нұрланқызы
08.10.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
08.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
08.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz