Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Алматы облысының аумағында «Жасөспірім» және «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді, деп хабардайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Іс-шаралар барысында негізгі назар жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, қараусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтауға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге қатысты заң талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталды

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде немесе ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге алкоголь және темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу бойынша жұмыстар атқарылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін 4927 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Атап айтқанда:

— 3052 дерек бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны анықталды. Осыған байланысты ата-аналар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

— Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 68 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды;

— Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 1499 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған 18 жасөспірім кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастырылды. Сондай-ақ 9 заңды өкілдің ата-ана құқығы шектелді.

Алматы облысының Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, әсіресе кешкі және түнгі уақытта олардың жүрген жері мен араласатын ортасын бақылауда ұстауға шақырады.

 

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында балалардың түнгі жүрісінің алдын алу шаралары жалғасуда — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Қорлан Нұрланқызы
28.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz