Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі

Алматы облысында реновация бағдарламасы аясында 247 пәтері бар 22 көпқабатты үйді сүру жоспарланған. Бағдарлама Қонаев пен Қаскелең қалаларын, Өтеген батыр және Қарғалы ауылдарын, сондай-ақ Боралдай кентін қамтиды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметінше, бағдарламаға енгізілген үйлердің тозу деңгейі 90-нан 100 пайызға дейін жеткен.

«Ғимараттардың басым бөлігі 1940–1978 жылдары қамыстан және қаңқалы материалдардан салынған. Олар ресми түрде апатты және жер сілкінісіне төзімсіз деп танылды», – делінген басқарманың Tengri Home сауалына берген жауабында.

Тозығы жеткен үйлерді сүру және тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру жұмыстары 2026–2029 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

2026 жылы жеті үй сүріледі

Биыл жалпы саны 56 пәтері бар жеті тұрғын үйді сүру жоспарланған.

Қонаев қаласының 18-шағын ауданындағы Инвентарная көшесінде орналасқан №3, 4, 5 және 6 үйлердің тозу деңгейі 100 пайызға жеткен. Аталған нысандарды сүру жұмыстары басталып кеткен.

Сонымен қатар Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы Қолдасов көшесінде орналасқан №7, 9 және 11 үйлер сүріледі. Бұл ғимараттардың тозу деңгейі 90 пайызды құрайды.

2027 жылы 99 пәтердің тұрғындары көшіріледі

2027 жылы бес үйдің тұрғындарын көшіру көзделген. Оларда барлығы 99 пәтер бар.

Тізімге Қонаев қаласының Инвентарная көшесіндегі №8 және 9 екі қабатты үйлер, Өтеген батыр ауылындағы Батталханов көшесінде орналасқан, 1978 жылы салынған №7 және 9 жатақханалар енгізілген.

Сондай-ақ Қаскелең қаласының Байғазиев көшесіндегі 158-мекенжайда орналасқан, 1940 жылы салынған кірпіш үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіріледі.

2028 жылы сегіз үй бұзылады

2028 жылы 67 пәтері бар сегіз тұрғын үйді сүру жоспарланып отыр.

Олардың қатарында Қонаев қаласындағы Инвентарная көшесінің 10-үйі мен Соболев көшесінің 10-үйі бар.

Бұдан бөлек, Боралдай кентіндегі Островский көшесінде орналасқан №2, 4 және 6 үйлер, сондай-ақ Ленин көшесіндегі №3, 5 және 7 үйлер сүріледі. Боралдайдағы аталған алты үйдің барлығы 1975 жылы салынған.

2029 жылы тағы екі үй сүріледі

Бағдарламаның соңғы кезеңінде 25 пәтері бар екі үйді бұзу қарастырылған.

Олар – Қонаев қаласындағы Соболев көшесінің 14-үйі және Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы Бейсеуов көшесінің 7-мекенжайында орналасқан, 1950 жылы салынған ағаш үй.

Тұрғындарға қандай баспана беріледі?

Реновация бағдарламасы аясында апатты және ескі үйлердің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшіріледі. Оларға бұрынғы баспанасындағы бөлме саны сақталған, жалпы аумағы кем емес және әрлеу жұмыстары толық аяқталған пәтер берілуге тиіс.

Сонымен бірге жаңа тұрғын үйлер салынған аумақта инженерлік желілер жаңартылып, аулалар мен іргелес аумақтар абаттандырылады.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, реновация жұмыстары барлық пәтер мен тұрғын емес нысан иелерінің жазбаша келісімі алынғаннан кейін ғана басталады.

«Құрылыс кезінде инвестор тұрғындарға уақытша баспана жалдау үшін ай сайын өтемақы төлеуге немесе көшіру қорынан пәтер ұсынуға міндетті. Жоба құрылыс компанияларына тиімді болған жағдайда, жұмыс жеке инвесторлар есебінен жүргізіледі. Ал сүрілген үйдің орнына жаңа нысан салу мүмкін болмаса, тұрғындарды көшіру жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылады», – деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Бағдарлама қалай қаржыландырылады?

Реновация бағдарламасын жүзеге асыруға бірнеше қаржы көзі тартылмақ. Олардың қатарында жергілікті бюджет қаражаты, жеке инвестициялар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, қаржы ұйымдарының қарыздары, квазимемлекеттік сектордың қаражаты және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатудан түсетін табыс бар.

Жалпы алғанда, бағдарлама апатты үйлерде тұратын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрғын үй қорын жаңартуға және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz