Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Алматы облысының Талғар ауданында тоғызқұмалақтан U19 және U21 жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының XXIV жекелей чемпионаты басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ел біріншілігіне Қазақстанның 13 облысы мен 3 қаласынан келген 100-ге жуық үздік жас спортшы қатысып, ұлттық зияткерлік ойыннан ел чемпионы атағы үшін бақ сынауда. Чемпионат жастардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, тоғызқұмалақты кеңінен дәріптеуге және ұлттық спортты дамытуға бағытталған.

Биылғы жарыстың маңызы ерекше. Себебі чемпионат қорытындысы бойынша қараша айының 21–30 күндері Түркияда өтетін тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Тоғызқұмалақ спортының мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов, тоғызқұмалақтан жастар құрамасының жаттықтырушысы Мақсат Шотаев, Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Ришат Асқарбекұлы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, сондай-ақ облыстық федерация басшылығы қатысты.

Жарыс 2026 жылдың 24–30 шілде аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш мәдениет үйінде өтеді. Алғашқы ойындар 24 шілде күні сағат 10:00-де басталып, сол күні сағат 15:00-де чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ел чемпиондары атанып қана қоймай, Қазақстан намысын әлемдік додада қорғауға мүмкіндік алады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz