Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тауда адасып кеткен екі жасөспірім табылды

Алматы облысының Қарасай ауданында тауға жорыққа шыққан екі жасөспірім адасып қалып, құтқарушылардың көмегімен аман-есен табылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Қасқыр тауында болған. Жасөспірімдер бағытынан жаңылып, өздігінен кері жолды таба алмаған. Олар ұялы телефон арқылы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрағанымен, көп ұзамай телефонның қуаты таусылып, байланыс үзілген.

Оқиға туралы хабар түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жұмылдырылды.

Құтқарушылар жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі жасөспірім Қасқыр тауының беткейінен табылды. Абырой болғанда, олардың өміріне қауіп төнбеген және медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді қауіпсіз бағытпен Өтпелі шатқалына дейін жеткізіп, кейін ата-аналарына табыстады.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шығар алдында бағытты мұқият жоспарлап, ауа райы болжамын ескеруге, телефонның қуатын толықтап алуға және жақындарына баратын бағыты туралы алдын ала хабарлап кетуге кеңес береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz