Оқиға Іле Алатауындағы Вечерняя тауы маңында, теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктікте болған. Қараңғы түскен кезде турист соқпақтан адасып, таудан қауіпсіз түсу жолын өздігінен таба алмаған. Түн ортасына қарай ол құтқарушылардан көмек сұраған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары жұмылдырылды. Алғашында турист берген координаттар бойынша оны табу мүмкін болмаған. Кейін қызбен байланыс та үзіліп кеткен.
Соған қарамастан құтқарушылар іздеу жұмыстарын тоқтатпай, шатқал бағыты бойынша қозғалған. Нәтижесінде мамандар туристі тау арасынан тауып, қауіпсіз жерге алып шықты.
Құтқарылған қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмаған.





