Мамандардың айтуынша, сілеусін өте сақ, жасырын тіршілік ететін және табиғатта сирек кездесетін аңдардың бірі. Сондықтан оның фототұзаққа тіркелуі ерекше оқиға саналады.
Бұл дерек парк аумағындағы табиғи ортаның қолайлы екенін және биоалуантүрліліктің жақсы сақталғанын көрсетеді. Сондай-ақ, табиғатты қорғау шараларының нәтижелі жүргізіліп жатқанын дәлелдейді.
Айта кетейік, түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар қатарына жатады.





