Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сел қаупі күшейді: тұрғындарға маңызды ескерту жасалды

24–26 шілде аралығында күтілетін нөсер жауынға байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында сел жүру және өзендердегі су деңгейінің көтерілу қаупі сақталып отыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметі ескертті, деп хабарлайды alataunews.kz,

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Мамандардың мәліметінше, қатты жауын-шашын салдарынан беткейлік су ағыны қалыптасып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Соның салдарынан өзен жайылмаларындағы елді мекендер, шаруашылық нысандары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар.

Қазіргі таңда Алматы облысындағы гидрологиялық жағдай тәулік бойы бақылауда. Өзендер мен сел қаупі бар аумақтарда бақылау бекеттері жұмыс істеп, мамандар су деңгейін үздіксіз қадағалап отыр. Егер жағдай күрделенсе, құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.

Сонымен қатар мореналық көлдердің жай-күйі де тұрақты бақылауға алынған. Әзірге олардың жарылу қаупі тіркелген жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар мен туристерге ауа райы тұрақталғанға дейін таулы аймақтарға бармауға, өзен жағалауларында демалмауға және ресми ескертулерді мұқият қадағалауға кеңес береді.

Еске салайық, биыл 1 шілдеде нөсер жаңбырдан кейін Алматы облысындағы Ақсай және Қаскелең шатқалдарында тасқын болып, бірқатар инфрақұрылым нысандарына зақым келген еді. Осыған байланысты өңірдегі сел қаупі жоғары аумақтар ерекше бақылауға алынған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz