Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сақман басталды

Алматы облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңірде ата кәсіптің өркендеуіне табиғи жағдай мен ауа райы да қолайлы, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мәліметке сәйкес, мал басы бойынша Жамбыл ауданы алдыңғы орында. Қазір ауданда сақман науқаны басталып, төл алу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешовтың айтуынша, биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелген. Оның ішінде 18 500-і ауыл шаруашылығы құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, ал 113 800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл жамбылдық шопандар 530 мыңнан астам қозы алуды жоспарлап отыр.

Осы мақсатта қысқа қажетті жем-шөп қоры алдын ала дайындалған. Атап айтқанда, 295 мың тонна шөп пен 48 мың тонна жем әзірленген.

«Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 миллион 95 мың болса, биыл 1 миллион 102 мыңға жетті. Мал асылдандыру жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Оның 164 мыңы – саулық. Бұл жалпы мал санының 18,6 пайызын құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр», – деді маман.

Шаруалардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлік үшін қолайлы болған. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округтеріндегі шаруалар ақпан айының ортасынан бастап мал төлдету науқанына кіріскен.

Солардың бірі – шаруа Алмат Әлжанов. Ол өткен жылы 500 бас асыл тұқымды гиссар қойын сатып алып, кәсібін бастаған. Алдағы уақытта мал басын 3 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ мемлекеттік субсидия алу үшін өтініш берген.

Айта кетейік, елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Ет, сүт және жүн өндірісіне, сондай-ақ мал бордақылау ісіне қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында сақман басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Жаңбыр, жел, тұман: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында көпқабатты үйден өрт шығып, сегіз адам құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысының 29 дәрігері шетелде біліктілігін арттырды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz