Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құздан құлаған туристке тікұшақпен көмек көрсетілді

Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында құтқарушылар құздан құлап, жарақат алған туристі теңіз деңгейінен 3010 метр биіктіктен эвакуациялады. Құтқару операциясына арнайы тікұшақ жұмылдырылып, зардап шеккен бойжеткен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бойжеткен құздан құлап, басынан жарақат алған. Жарақатының салдарынан ол өздігінен қозғала алмаған.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін бойжеткенге куәгерлердің бірі алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Туристі эвакуациялау жұмыстарына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмылдырылды.

Құтқару операциясын жедел жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы тартылды. Әуе көлігі арқылы зардап шеккен турист таулы аймақтан «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізілді. Одан әрі ол Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін емдеу мекемесіне жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығуды жоспарлаған азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, күрделі бағыттарға шықпас бұрын ауа райын мұқият бақылап, қажетті құрал-жабдықтарды алып жүру және маршрутыңыз туралы жақындарыңызға немесе құтқару қызметіне алдын ала хабарлау маңызды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2026

Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy-2026» турнирінде жеңімпаз атанды

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2026

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында Спорт күні аталып өтіп, үздік спортшылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz