Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құтқарушылар мен еріктілер салынып жатқан үйдегі өртті сөндірді

Алматы облысының Іле ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері мен «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы жасағының мүшелері салынып жатқан жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ғимараттан газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.

Өрт туралы хабарлама 112 қызметіне түскен. Оқиға Ашибұлақ ауылдық округіне қарасты Нұр-Атакент саяжайындағы салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес үйде болған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері мен Түймебай ауылынан келген еріктілер жедел жеткен. Барлау барысында өрттің бүкіл ғимаратты шарпығаны анықталды.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар көлемі 27 литрлік газ баллонын қауіпті аймақтан алып шықты. Соның арқасында ықтимал жарылыс пен өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе газ баллондарын дұрыс сақтау және пайдалану ережелеріне ерекше мән беру қажет. Өйткені қауіпсіздік талаптарының сақталмауы өртке әкеліп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құтқарушылар мен еріктілер салынып жатқан үйдегі өртті сөндірді

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026

ТЖМ басшысы Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашты

Қорлан Нұрланқызы
26.07.2026

Алматы облысында тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026

Айдарбек Сапаров Алматы облысындағы АӨК жобаларымен танысты

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2026

Алматы облысында республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ы өндіріледі

Қорлан Нұрланқызы
24.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz