Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құтқарушылар 3260 метр биіктікте туристі аман алып қалды

Алматы облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тауда қиын жағдайға тап болған жас туристі құтқарып қалды. Оқиға Талғар ауданындағы «Панорама» шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3260 метр биіктікте болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ТЖМ мәліметінше, тауға шыққан 18 жастағы жігіттің денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен төмен түсуге мүмкіндігі болмаған. Оқиға туралы хабар түскен бойда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Құтқару қызметі жедел түрде оқиға орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар туристке алғашқы қажетті көмекті көрсетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Кейін зардап шеккен азамат одан әрі медициналық тексеру және ем алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырылды.

Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде тауға шығатын туристер саны артқан сайын мұндай оқиғалар да жиілей түседі. Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ведомство өкілдері тауға шығар алдында физикалық дайындық деңгейін дұрыс бағалап, ауа райы болжамын алдын ала тексеруге кеңес береді. Сонымен қатар өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде ауыз су, байланыс құралдарын алып жүру, бағытты алдын ала жоспарлап, оны жақындарыңызға хабарлау қажет екенін еске салады.

Төтенше жағдайлар министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау таудағы төтенше жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Алматы облысында +43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

ОСК Құрылтай сайлауына алғашқы партиялық тізімді тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz