Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Құрылтай сайлауы басталды: миллионнан астам тұрғын дауыс бере алады

Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Бүгін Алматы облысында 1 042 987 сайлаушы өз таңдауын жасай алады. Оның ішінде кәмелет жасына толған 14 104 азамат сайлауда алғаш рет дауыс беру құқығына ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Өңірде таңғы сағат 07:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Облыс орталығындағы №956 сайлау учаскесінде дауыс беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мұнда алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласының құрметті азаматы Амангелді Беспаев келді. Ақсақал жиналған жұртқа бата беріп, ел үшін маңызды саяси науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

«Еліміз өркендей берсін! Жасаған таңдауымыз келер ұрпақтың игілігіне қызмет етсін. Барша жерлестеріме амандық, бірлік пен береке тілеймін», – деді Амангелді Беспаев.

Алматы облысындағы барлық сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ байқаушылардың, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалған.

Сайлау кезінде дауыс беру процесінің қолжетімділігіне де ерекше назар аударылды. Өңірде ерекше қажеттілігі бар 2 122 сайлаушы дауыс беруге қатыса алады. Учаскелерде арнайы кабиналар, пандустар, тактильді көрсеткіштер мен қолжетімді ақпараттық материалдар қарастырылған.

Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын тұрғындарға заңнамаға сәйкес тұрғылықты жері бойынша, яғни дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде таңдау жасау мүмкіндігі берілген.

Сайлау күніне дейін Алматы облысының тұрғындарына 1 миллионнан астам шақыру табысталды. Ал дауыс беру күні өз елді мекенінен тыс жерде болатын азаматтарға 2 238 есептен шығару куәлігі берілді.

Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап отыр. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

Сайлау учаскелері заңнамада белгіленген уақытқа дейін жұмыс істейді. Алматы облысының тұрғындары дауыс беру арқылы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырып, жаңа Құрылтай құрамын қалыптастыруға қатыса алады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz