Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Қауіпсіз үй» профилактикалық акциясы өтіп жатыр

Алматы облысының Ұйғыр ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз үй» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

17–19 шілде аралығында ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, қолданыстағы заң талаптарын түсіндіруде. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған отбасыларды аралап, құқықтық кеңестер беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полицейлер үш күн бойы есепте тұрған отбасылардың тұрмыс жағдайымен танысып, әрбір шаңырақтағы ахуалды бақылауға алады. Мұндай жұмыстардың мақсаты – құқық бұзушылық тәуекелдерін ерте анықтап, олардың алдын алу, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қолдау көрсету.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, «Қауіпсіз үй» акциясы тек үш күндік іс-шарамен шектелмейді. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.

Мамандардың пікірінше, отбасындағы өзара сыйластық пен тыныштық – қоғам тұрақтылығының басты негіздерінің бірі. Осыған байланысты әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтауы маңызды.

Полиция азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе өзге де құқық бұзушылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырады. Егер сіз осындай жағдайдың куәсі немесе жәбірленушісі болсаңыз, 102 полицияның жедел арнасына немесе 111 байланыс орталығына дереу хабарласу қажет. Уақытылы берілген ақпарат құқық бұзушылықтың алдын алып, адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, «Қауіпсіз үй» жобасы – тек құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ғана емес, сонымен қатар қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz