Жиында өңірдегі құқық қорғау органдарының жыл басынан бергі жұмыс нәтижелері сараланып, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Абикеев құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жетілдіруге ерекше назар аударды. Оның ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-қимылды күшейту басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Кеңес барысында профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет ету мәселелері талқыланды.
Полиция департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде қылмыстың жекелеген түрлері бойынша төмендеу байқалған. Дегенмен құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарды бәсеңдетпей, алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Жиында тәртіп сақшыларының қызметтік жауапкершілігі мен заң талаптарын бұлжытпай орындау мәселесіне де баса мән берілді. Әрбір полиция қызметкері өз жұмысында «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басты міндет ретінде ұстануы тиіс екені айтылды.
Сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз ету және полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Олардың қатарында профилактикалық шаралардың нәтижелілігін арттыру, интернет-алаяқтыққа қарсы күресті жалғастыру және қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті нығайту міндеттері бар. Полиция департаменті алдағы уақытта да құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.





