Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында олимпиада жеңімпаздары мен дарынды оқушылар марапатталды

Алматы облысының Қарасай ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Салтанатты шара Қарасай ауданындағы «Арман дала» оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылды. Кездесуге 2025–2026 оқу жылында халықаралық және республикалық білім бәйгелерінде жоғары нәтиже көрсеткен 129 оқушы қатысты.

Шара барысында дарынды жастардың білім мен ғылым саласындағы жетістіктері атап өтіліп, олардың табыстары жоғары бағаланды. Сондай-ақ оқушыларды қолдау, олардың әлеуетін дамыту және болашаққа деген ынтасын арттыру мәселелері талқыланды.

Кездесудің құрметті қонақтарының бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары нәтиже көрсетіп, 140 балл жинаған Еңбекшіқазақ ауданындағы М.Горький атындағы орта мектептің түлегі Али Айдынұлы Лоян болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін береді.

Іс-шара аясында қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Дарынды оқушылар өзара тәжірибе алмасып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әлем чемпионаты тарихындағы ең қомақты сыйақы: жеңімпазға 50 млн доллар

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Аптап ыстыққа байланысты көшелерге су бүрку күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды 1 / 13. Алматы облысында ірі логистикалық хаб ашылды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Көктөбе аспалы жолы тоқтап, жолаушылар кабиналарда қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Синоптиктер Алматы облысында ыстықтың қашан қайтатынын айтты

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz