Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ойын бизнесінен түскен салық 25 млрд теңгеге жетті

Алматы облысында заңды ойын бизнесі өңір экономикасының маңызды кіріс көздерінің біріне айналып отыр. Соңғы екі жарым жылда бұл саладан мемлекеттік бюджетке 184,7 миллиард теңге салық түскен. Оның 53,8 миллиард теңгесі өңірлік бюджетке бағытталған. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биылғы жылдың алғашқы алты айының өзінде ойын бизнесі субъектілері мемлекеттік бюджетке 25 миллиард теңге салық аударған. Оның 10,6 миллиард теңгесі облыстық бюджет кірісін толықтырды.

Қазіргі таңда Қонаев қаласында ойын бизнесі саласында 21 заңды нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Бұл салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ойын бизнесі өңірдегі туризмнің дамуына да әсер етіп отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының дерегіне сәйкес, Қонаев қаласындағы казиноларға келушілердің шамамен 20 пайызы – шетел азаматтары.

Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, ойын-сауық инфрақұрылымы туристердің өңірде көбірек уақыт өткізуіне ықпал етеді.

«Қонаев қаласына келген әрбір турист қонақүйлерге орналасып, қоғамдық тамақтану орындарына барады, көлік, сауда және басқа да қызмет түрлерін пайдаланады. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті экономиканың жандануына ықпал етеді. Сондықтан туристік ағынның артуы өңірдің қызмет көрсету саласының дамуына оң әсерін тигізуде», – деді Қуанышбек Мирамбекұлы.

Сонымен қатар Алматы облысында жаңа ойын аймағын құру мәселесі қарастырылып жатыр. Қолданыстағы «Ойын бизнесі туралы» заң аясында Талғар ауданында тек шетел азаматтарына арналған ойын аймағын ашу жоспарланған. Бастама қоғамдық кеңестің қарауынан өтіп, оң қорытынды алған.

Жаңа аймақты дәл Талғар ауданында орналастыру ұсынысы өңірдің туристік әлеуетімен байланысты. Аудан Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Сонымен қатар мұнда тау туризмі, сауықтыру және демалыс бағытындағы ірі туристік нысандар шоғырланған.

«Талғар ауданы туристік инфрақұрылымы қалыптасқан өңірлердің бірі. Мұнда «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, Oi-Qaragai тау-шаңғы курорты, Aquaasia Resort және Tal Resort демалыс кешендері сияқты танымал туристік нысандар орналасқан. Сондықтан жаңа ойын аймағын өңірдің туристік экожүйесінің бір бөлігі ретінде дамыту көзделіп отыр. Бұл туристерге ұсынылатын қызмет түрлерін әртараптандырып, сервистік инфрақұрылымның одан әрі дамуына мүмкіндік береді», – деді басқарма басшысы.

Әкімдік мәліметінше, жобаны іске асыру нәтижесінде қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану, көлік, сауда және басқа да қызмет көрсету салаларының дамуына серпін беріліп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар инвестиция көлемін арттырып, бюджет кірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz