Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында мектеп терезелері мен аспа шамдарын сатпақшы болған

Мектептің аспа шамдары мен пластикалық терезелердің сатылатыны туралы хабарландыру OLX сайтында жарияланған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

23.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам
This image was originally published on Onliner.by web site (http://www.onliner.by/). All rights reserved.

This image was originally published on Onliner.by web site (http://www.onliner.by/). All rights reserved.

Суреттер әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары «мектеп мүлкін сатудан түскен қаражат кімге керек болды екен» деп ортаға заңды сұрақ тастады.

Хабарламада Талғар ауданы Гүлдала аулындағы № 21 мектептің ескі терезелері сатылатыны жазылған. Бір терезе 30 мың теңгеге бағаланған. Сонымен қатар, сатылымға кітап оқуға арналған лампалар да қойылған.

Әкімдік өкілдері мектепте 2022 жылдың наурызынан жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын растады. Мердігермен 1 миллилард 142 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Бүгінде демонтаж жұмыстары біткен, енді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

«Мектеп ғимараты 1967 жылы салынған. Жобалық қуаттылығы — 900 оқушы орыны. Білім беру тілі – қазақ, орыс, ұйғыр. Осы уақытқа дейін мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп көрмеген. Оқушылар саны – 1 911. Монтаждауға дейінгі жұмыстар аяқталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымның мәліметінше, хабарландыруды жариялаған адам мердігер ұйымда жұмыс істемейді», – дейді  Талғар ауданы бойынша білім бөлімі

Бөлшектелген құрылыс материалдарын мердігер ұйым сметалық құжаттамада қамтылатын орындалған жұмыстардың актілерінде растау құжатын ұсына отырып, қоқысқа тастауы керек.

Мердігер ұйымда хабарламаға байланысты ішкі тергеу жүргізілмек. Хабарламаны кім жариялағаны анықталған жағдайда жұмыстан қуылады.

Тегтер: мектепТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz