Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ірі спорттық турнир өтті

Алматы облысында жас спортшылардың басын қосқан ауқымды турнир мәресіне жетті. Қарасай ауданындағы NUR-AMAN спорт кешенінде «Жеңіс жолы» жасөспірімдер лигасының үшінші, қорытынды кезеңі ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жоба бірнеше айға созылған іріктеу кезеңдерінің қорытындысы болып, Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жас спортшыны біріктірді.

«Жеңіс жолы» лигасы U15 жас санатындағы жасөспірімдер арасында өтеді. Турнир бағдарламасына еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, қазақ күресі, таеквондо және дзюдо спорт түрлері енгізілген. Алты бірдей жекпе-жек спортын қамтитын жоба жасөспірімдерге өз қабілеттерін шыңдап, жарыс тәжірибесін жинақтауға және кәсіби спорттағы алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік береді.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің маманы Ербол Құлжабаевтың айтуынша, жобаның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізетін спортшыларды тәрбиелеу.

«Біздің міндетіміз – спорттың танымалдылығын арттырып қана қоймай, оны нақты нәтижеге бағыттау. Мұндай бастамалар өңірдегі ғана емес, еліміздегі спорттың дамуына серпін береді. Бүгінгі жарыстардан болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын спортшылар шығатынына сенімдіміз», – деді Ербол Құлжабаев.

Жоба Алматы облысында өткен жылы пилоттық форматта іске қосылды. Алғашқы іріктеу кезеңіне 2025 жылдың көктемінде аудандық спорт мектептерінің базасында 10 мыңнан астам жас спортшы қатысты. Үздік нәтиже көрсеткендер биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында өткен екінші кезеңге жолдама алды.

Финалдық кезеңде барлық іріктеу турларының жеңімпаздары өзара бақ сынады. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен жарысқа облыстың әр өңірінен келген 24 команда мен 250-ге жуық спортшы қатысты.

Алматы облыстық «Бұқаралық спорт клубы» директорының орынбасары Ықылас Қадырқожаевтың сөзінше, жоба қысқа уақыт ішінде өңірдегі бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралына айналған.

«Бұл бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. «Жеңіс жолы» жас спортшыларды ерте кезеңнен анықтап, олардың кәсіби дамуына жол ашады. Былтырмен салыстырғанда қатысушылардың дайындық деңгейі айтарлықтай өскен. Бұл – жаттықтырушылардың, спорт мектептерінің және ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі», – деді ол.

Жарыс барысында спорт алаңдарында нағыз спорт мерекесінің атмосферасы қалыптасты. Жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін ғана емес, тәртіптілік пен жеңіске деген жігерін де көрсетті.

Қазақ күресінен Кеген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы чемпион атанса, Іле ауданының командасы екінші орынға ие болды. Үздік үштікті Жамбыл аудандық №1 БЖСМ түйіндеді.

Дзюдодан «Жігер» спорт мектебінің спортшылары топ жарды. Қарасай аудандық №2 БЖСМ күміс жүлде алса, Қарасай аудандық №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үшінші орынға тұрақтады.

Еркін күресте Қарасай аудандық №2 БЖСМ жеңімпаз атанып, Қарасай аудандық №1 БЖСМ күміс медаль иеленді. Қола жүлде Еңбекшіқазақ аудандық №1 БЖСМ командасына бұйырды.

Грек-рим күресінде Қарасай аудандық №1 МБЖСМ жеңіске жетті. Кеген аудандық БЖСМ екінші орын алса, «Жекпе-жек» спорт мектебі үздік үштікті қорытындылады.

Бокстан «Жігер» спорт мектебі көш бастады. Күміс жүлдені Талғар аудандық №1 МБЖСМ спортшылары жеңіп алса, Еңбекшіқазақ аудандық №2 БЖСМ үшінші орынға ие болды.

Таеквондодан Қарасай аудандық №2 БЖСМ командасы чемпион атанып, Іле аудандық БЖСМ екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Қарасай аудандық №1 МБЖСМ түйіндеді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы АЭС жобасы 10 мың адамды жұмыспен қамтуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Конституциялық сот Шымбұлаққа көлікпен кіруге қатысты шектеуді заңсыз деп таныды

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында жолдар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Президент білім саласына қатысты маңызды заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Алматы облысында ірі спорттық турнир өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz