Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында арнайы операция барысында ірі жасырын есірткі зертханасы жойылып, күдікті қолға түсті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Қарасай ауданында жұмыс істеген ірі астыртын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіруге арналған құпия зертхананың мекенжайын анықтап, оған қатысы бар күдіктінің жеке басын белгіледі.

Заңсыз есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары түрлі көлемдегі канистрлерді, химиялық заттардың қалдықтары бар ыдыстарды, респиратор сүзгілерін, вакуумдау құрылғыларын, электронды таразыларды, химиялық ерітінділер құйылған пластик ыдыстарды, есірткі құрамдастарын араластыруға арналған жабдықтарды және синтетикалық есірткі өндіруге пайдаланылған басқа да құралдарды тәркіледі. Сонымен қатар дайын өнім де анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 217,59 грамм болатын «мефедрон» психотроптық затының аналогы болып шықты.

Полиция мәліметінше, арнайы операцияның нәтижесінде заңсыз айналымға түсуі мүмкін 3000-нан астам бір реттік дозаға тең есірткі тәркіленген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары есірткінің тарату арналары мен оны өндіруді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz