Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инвесторлардың құқығын бұзған 18 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Алматы облысында прокуратура органдары инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында жалпы құны 1,2 трлн теңгені құрайтын әрі 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторлардың мәселелері қаралып, олардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылданды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыстық прокуратура мәліметінше, есепті кезеңде 28 инвестордың 30 өзекті мәселесі шешімін тапқан. Бұл жұмыстар инвесторларға әкімшілік кедергілерді азайтып, инвестициялық жобаларды уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік берген.

Прокурорлық сүйемелдеу нәтижесінде бақылаушы және қадағалаушы органдардың заңсыз жүргізген алты тексерісі мен үш әкімшілік айыппұлының күші жойылды. Сонымен қатар инвесторларға төрт жер учаскесі беріліп, электр желілеріне қосылуға қажетті екі техникалық шарт рәсімделген.

Инвесторлардың заңды құқықтарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар да жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде сегіз қызметкер тәртіптік, ал он лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қадағалау органының қабылдаған шараларының нәтижесінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға 100-ге жуық инвестор енгізілді. Бұл өз кезегінде инвесторларды қорғаудың қосымша тетіктерін, соның ішінде «прокурорлық сүзгі» механизмін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, прокуратура есепті кезеңде инвесторларға қатысты үш тексерісті, он әкімшілік хаттаманы және шектеу сипатындағы он бір шараны келісуден бас тартқан. Сондай-ақ мемлекеттік органдар прокурордың келісімінсіз сотқа жолдаған екі талап арызын кері қайтарып алған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2026

Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy-2026» турнирінде жеңімпаз атанды

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2026

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында Спорт күні аталып өтіп, үздік спортшылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz