Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Алматы облысында өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық етті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Кездесу барысында облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, оларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

Бүгінде Алматы облысы инвестиция тарту көлемі бойынша республикада алтыншы орында тұр. Жыл басынан бері өңірде жалпы құны 121,7 млрд теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске асырылды. Ал жыл соңына дейін тағы 77 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы инвестициялық көлемі 627 млрд теңгені құрайды.

Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік инвестициялық штаб 2026 жылдың басында құрылғанын атап өтті. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің өкілдері, облыс прокуроры, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, Кәсіпкерлер палатасы және салық органдарының өкілдері енген.

Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров инвестиция тартудың жаңа тәсілдеріне тоқталып, Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Үкімет 2029 жылға дейін ұлттық экономика көлемін 450 млрд АҚШ долларына жеткізіп, шетелден кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды мақсат етіп отыр.

Министрдің орынбасары өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың қатарында PepsiCo Central Asia, Carlsberg Kazakhstan, Mars Petcare Kazakhstan және YTO Express компанияларының инвестициялық бастамалары бар екенін атап өтті. Бұл жобалар өндірістік қуатты арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Отырыс сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар инвестициялық ахуалды жақсарту мен жобаларды тиімді іске асыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі өңірде инвестиция тарту жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасатынын айтып, басты мақсат инвестиция көлемін ұлғайту ғана емес, өңір экономикасының ұзақ мерзімді дамуына серпін беретін сапалы жобаларды жүзеге асыру екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz