Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Алматы облысында ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық топ құрамында әрекет етіп, 1,8 миллиард теңгеден астам заңсыз табысты жылыстатуға қатысқан, деп хабарлайды altaunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бас прокуратур мәліметінше, күдікті Алматы облысында аса ірі көлемде мефедрон өндіруді ұйымдастырған. Кейін дайын психотроптық заттар Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағында жасырын жолмен таратылған.

Тергеу барысында қылмыстық топтан 10 келіге жуық мефедрон тәркіленген.

Ведомство қылмыстық топ заңсыз жолмен тапқан 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатты түрлі қаржылық операциялар, соның ішінде криптоалмастырғыштар арқылы заңдастырғанын айтады. Сонымен қатар олар 600 миллион теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлік, бизнес нысандары мен көлік құралдарын сатып алған. Аталған активтердің барлығына мемлекет пайдасына тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың бірқатар мүшелеріне қатысты іс сотта қаралып жатыр. Ал күдіктілердің кейбірі құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Олардың бірі биыл қаңтар айында Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Егер кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысықылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының өнімдері Алматыда 20–30% төмен бағамен сатылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында Спорт күні аталып өтіп, үздік спортшылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Тамыз кеңесі: Алматы облысындағы 5 мектеп еліміздің ең үздік 100 білім ошағының қатарына кірді

Қорлан Нұрланқызы
15.08.2026

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz