Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында екі күнде 1100-ден астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Алматы облысында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген рейдтер барысында екі күннің ішінде мыңнан астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізудің алты дерегі анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі криминогендік жағдайды талдау нәтижесінде жеке адамға қарсы жасалатын әрбір үшінші қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалатыны белгілі болған. Осыған байланысты өңірде профилактикалық және бақылау шаралары күшейтілген.

Алматы облысының прокуратурасы полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің жолын кесуге бағытталған жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді.

Екі күнде ондаған құқық бұзушылық анықталды

10 және 11 шілде күндері облыс прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заң талаптарының бұзылуына қатысты жеті дерек тіркелді.

Сондай-ақ Қонаев қаласының жағалауындағы демалыс орындарында алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың үш фактісі анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейд қорытындысында заңсыз айналымнан 1100-ден астам алкоголь өнімі тәркіленді.

Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішудің 51 фактісі анықталса, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың алты дерегінің жолы кесілді.

Тексеру нәтижесінде алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиядан үш сауда нысаны айырылды.

Жыл басынан бері 60 рейд өткізілген

Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы 60 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған.

Соның нәтижесінде 240 сауда нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 14 кәсіпкер алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясынан айырылған.

Қадағалау органы алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін ірі көлемде айыппұл салынып, заңсыз өнім тәркіленеді, сондай-ақ кәсіпкер алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz