Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Болат Назарбаевқа тиесілі болған зауыт аукционға шығарылды

Алматы облысының Талғар ауданында Болат Назарбаевқа тиесілі болған бұрынғы ликер-арақ зауыты аукцион арқылы сатылмақ. Мемлекет меншігіне қайтарылған кәсіпорынның бастапқы бағасы 431,6 млн теңге болып белгіленген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2026
Жаңалықтар

Зауытты «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС саудаға шығарған. Қосылған құн салығын есептегенде, мүліктік кешеннің құны 500 млн теңгеден асады. Алайда аукцион қорытындысы бойынша кәсіпорынның түпкілікті бағасы өзгеруі мүмкін.

Лот құрамына жалпы ауданы 6 109,7 шаршы метрді құрайтын өндірістік және қосалқы ғимараттар, сондай-ақ жалпы аумағы 3 гектардан асатын үш жер учаскесі кіреді.

Саудаға шығарылған нысандардың қатарында шарап зауыты, қазандық, спирт қоймасы, шарап жертөлесі, зертхана, әкімшілік-тұрмыстық корпус, қоймалар мен өндірістік цехтар бар. Кәсіпорын Панфилов ауылының Хантау көшесі, 17 мекенжайында орналасқан.

Ашық деректерге сәйкес, кәсіпорын бастапқыда «BAKX» ЖШС атауымен жұмыс істеген. 2010 жылы Болат Назарбаев компанияның құрылтайшысы атанып, сол жылдың сәуірінде кәсіпорын «БН ликер-арақ зауыты» ЖШС болып қайта тіркелген.

2016 жылдың шілдесінде кәсіпорынның құрылтайшысы Ғабит Төлтаев болды. Ал 2018 жылдың қазанында компанияның атауы «Талғар ликер-арақ зауыты» ЖШС болып өзгертілген.

Бұған дейін мемлекет меншігіне қайтарылған кәсіпорынды сатудан түскен қаражат бюджетке бағытталады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Акжаркын
26.11.2026

Алматы облысында құны 30 млн долларды құрайтын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Акжаркын
26.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
26.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
26.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
26.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz