Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында биыл 500 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр

Алматы облысында автомобиль жолдарын жаңарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл аудандық деңгейдегі 510,6 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделген, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026
Жаңалықтар

Облыстық маңызы бар жолдарда да бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. 2026 жылы жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын үш жол учаскесіндегі күрделі жөндеу аяқталмақ. Бұл мақсатқа 16,6 млрд теңге бөлінген.

Атап айтқанда, «Есік – Саймасай (Александровка)» автожолының 11,8 шақырымында асфальтбетон жабыны толық төселіп, жұмыстар 95 пайызға орындалды. «Алмалыбақ (КИЗ) – Жетісу» жолының 18,1 шақырымындағы жөндеу 70 пайызға, ал «Алматы-1 – Шамалған станциясы – Ұзынағаш» жолының 19,5 шақырымындағы жұмыстар 65 пайызға жетті.

Қарасай ауданында Қаскелең өзені арқылы өтетін көпір күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 551,5 млн теңгені құрады.

Еңбекшіқазақ ауданында «Приканальная БАК» автомобиль жолының 54,8-шақырымындағы Түрген өзені арқылы өтетін көпір жаңғыртылып жатыр. Су шайып кеткен өткелді қалпына келтіруге 674,5 млн теңге бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар биыл жалпы ұзындығы 23,4 шақырымды құрайтын алты жол учаскесінде орташа жөндеу жүргізілуде. Оның үшеуі 2027 жылға өтпелі жоба ретінде қарастырылған.

Жолдарды күтіп ұстау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына алты мердігер ұйым, 151 арнайы техника және 164 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Бүгінде облыстық маңызы бар жолдарда 800 шақырым жол таңбасы жаңартылып, 65 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұдан бөлек, 480 жол белгісі, 2,5 шақырым темір қоршау және 42 автобус аялдамасы орнатылды.

Аудандық көше-жол желісін дамыту аясында биыл 142 жоба қолға алынған. Олар жалпы ұзындығы 666 шақырым жолды қамтиды. Оның 510,6 шақырымын 2026 жылы аяқтау жоспарланса, қалған 155,4 шақырымы 2027 жылға өтпелі жоба ретінде жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда биылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының 63 пайызы орындалып, 322,4 шақырым жол жөнделді.

Жұмыстар Қарасай ауданында 78 пайызға, Іле ауданында 77 пайызға, Жамбыл ауданында 75 пайызға, Еңбекшіқазақ ауданында 70 пайызға орындалған.

Сонымен бірге Іле ауданындағы «Боралдай – Шіліккемер» автожолының екі учаскесінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға арналған автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылып жатыр. Жоба 70 пайызға орындалған, оны 2026 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы облысында жолдардың сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы көлік қатынасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz