Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында баспана құрылысы қарқын алды: биыл 2 мыңнан астам пәтер сатып алынады

Алматы облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары қарқын алды. Биыл осы мақсатқа 42 млрд теңге бөлініп, 2361 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 1018 пәтерге арналған 20 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, салынып жатқан баспаналар тұрғындарға жеңілдетілген несие тетіктері арқылы ұсынылады. Бұл өңірдегі тұрғын үй кезегін азайтып, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың баспана мәселесін шешуге бағытталған.

Өңірде тұрғын үйге сұраныс әлі де жоғары. Қазіргі таңда Алматы облысында 70 мыңға жуық адам баспана кезегіне тіркелген. Оның 21 510-ы әлеуметтік осал санаттағы азаматтар.

Былтыр облыста осы санатқа жататын 3 мыңнан астам тұрғын баспаналы болған. Биыл да аудандар мен қалаларда тұрғын үй құрылысы мен дайын пәтерлерді сатып алу жұмыстары жалғасуда.

Іле ауданында 300 отбасы қоныс тойын тойламақ

Тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатқан аудандардың бірі – Іле ауданы. Биыл мұнда кезекте тұрған 300 отбасын баспанамен қамту жоспарланған.

Нұрғиса Тілендиев ауылында осы мақсатта 10 гектар жерге екі пәтерден тұратын 95 тұрғын үй салынған. Қазір үйлердің маңын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ғазиз Исабайдың айтуынша, жаңа үйлер толық дайын күйінде тұрғындарға беріледі.

«Үйлердің сыртқы қасбеті травертинмен қапталып, су, газ, электр желілері тартылып, ішкі әрлеу жұмыстары толық жүргізіледі. Әр тұрғын үйдің жалпы аумағы 85 шаршы метрді құрайды. Қазір аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта жеке инвестор есебінен спорт және балалар ойын алаңдары, шағын демалыс орындары салынады. Үйлер тұрғындарға тапсырылғанға дейін жеке инвестордың бақылауында болады», – деді Ғазиз Исабай.

Баспананы кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған

Жаңа баспаналар «Отбасы банк» арқылы жалға беру және кейін сатып алу тетігі бойынша рәсімделеді. Ипотекалық төлемнің бір бөлігі бюджет есебінен субсидияланады.

Сонымен қатар облыста «Алатау» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау жалғасып жатыр. 2025 жылы аталған бағдарламаға 3,7 млрд теңге бөлініп, 132 отбасы баспаналы болған.

Биылғы құрылыс пен пәтер сатып алу жоспары толық орындалса, өңірде тағы бірнеше мың отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік туады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

Әділетті мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі

Акжаркын
15.09.2026

Әділет пен тәртіп жолындағы қоғам

Акжаркын
15.09.2026

Су тапшылығына жауап: Алматы облысының шаруалары жаңа технологияға көшіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz