Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Алматы облысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қайтадан күн тәртібіне шықты. Осы мақсатта Еңбекшіқазақ ауданында облыс әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен өткен жиында балалардың қауіпсіздігін күшейту, білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жетілдіру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиынға облыстық комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Еңбекшіқазақ ауданы неге таңдалды?

Көшпелі комиссия отырысының дәл осы ауданда ұйымдастырылуы кездейсоқ емес. Жүргізілген талдау нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мектептердегі профилактикалық жұмыстарды жетілдіруді қажет ететін мәселелер анықталған.

Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев әрбір келеңсіз жағдайдың себептерін терең зерделеп, оның қайталануына жол бермейтін нақты басқарушылық шешімдер қабылдау қажеттігін айтты.

«Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Әрбір жауапты мекеме атқарылған жұмыстармен қатар, анықталған кемшіліктерді жоюдың нақты тетіктерін ұсынуы тиіс», – деді облыс әкімінің орынбасары.

55 мыңнан астам оқушы білім алады

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков баяндама жасап, ауданда жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы мәлімет берді.

Оның айтуынша, аудандағы 85 жалпы білім беретін мектепте 55 мыңнан астам оқушы білім алады. Барлық мектептерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Прокурордың жас көмекшісі», «Жас сақшы», «Жас сарбаз», «Жас құтқарушы» сияқты жобалар жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» жобасы аясында құқық қорғау органдарының қатысуымен жүздеген құқықтық іс-шара ұйымдастырылып, тәуекел тобына жататын балалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Алайда мәселе толық шешімін тапқан жоқ. Бүгінде аудан мектептерінде 81 оқушы мектепішілік есепте, ал 4 оқушы полицияның профилактикалық есебінде тұр. 2026 жылдың алғашқы алты айында аудан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған 13 қылмыс тіркелген.

Негізгі қауіп факторлары қандай?

Комиссия отырысында балалар арасындағы құқық бұзушылық пен түрлі келеңсіз оқиғалардың басты себептері ретінде:

  • ата-ана мен бала арасындағы байланыстың әлсіреуі;
  • отбасындағы қолайсыз психологиялық ахуал;
  • ата-аналық бақылаудың жеткіліксіздігі;
  • буллинг пен кибербуллинг;
  • әлеуметтік желілердің теріс ықпалы;
  • психологиялық көмектің уақытылы көрсетілмеуі аталды.

Ерте анықтау жүйесін күшейту қажет

Алматы облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау және оларды жүйелі сүйемелдеу тетіктерін жетілдірудің маңызын атап өтті.

Оның пікірінше, білім беру ұйымдарында психологиялық диагностиканы толық қамтып, педагог-психологтардың жұмысындағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.

Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Онбырбаева балалардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді ұсынды. Ол «Әкелер мектебі» жобасын дамыту, тәлімгерлік кездесулер санын көбейту, оқушыларды спорттық және шығармашылық үйірмелерге кеңінен тарту маңызды екенін айтты. Сонымен бірге мектеп психологтарының еңбек жағдайын жақсарту мәселесін көтерді.

Ал облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Дәулет Шайтұрсын психологиялық қызметтердің сапасын арттыру, мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру және білім беру ұйымдарында кешенді талдау жұмыстарын тұрақты жүргізудің қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарындағы кадр тапшылығын азайту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелердің тек бір ауданның ғана емес, бүкіл өңірдің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Әр баланың өмірі мен қауіпсіздігі – елдің ертеңіне деген жауапкершіліктің ең маңызды өлшемі. Бүгін қаралған мәселелер тек Еңбекшіқазақ ауданына ғана қатысты емес. Сондықтан барлық аудан және қала әкімдіктері өз аумағындағы ахуалға кешенді талдау жүргізіп, тәуекелдерді бағалап, келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар қабылдауы қажет», – деді Ғани Майлыбаев.

Ол көшпелі комиссия отырысында қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың орындалуы облыстық комиссияның тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында балалар қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Алматы агломерациясында газдандыру, жол және мектеп құрылысы мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
17.07.2026

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

Алматы облысында +43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz