Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әйел сапасыз қызмет көрсеткен салонмен дауласты

Алматы облысында шашын боятқаннан кейін нәтижесіне көңілі толмаған әйел сұлулық салонымен дауласып, жұмсаған қаражатын қайтарып алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға шаш бояу қызметінен кейін болған. Әйелдің айтуынша, шаштараз оның шашын өзі қалаған түске бояй алмаған, ал көрсетілген қызметтің сапасы күткен нәтижеге сай келмеген.

Мәселені өз бетінше шеше алмаған тұтынушы Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Ведомство мәліметінше, салон мамандары клиенттің қалаған түсіне қол жеткізу үшін шашты екі рет бояуға тырысқан. Алайда көрсетілген қызметтің нәтижесі тұтынушының көңілінен шықпаған.

«Салонның шаштаразшылары әйелдің шашын өзі қалағандай түске бояу үшін бір емес, екі рет әрекеттенген. Бірақ әйелдің жұмыс сапасына көңілі толмай, департаментке жүгінген. Департамент салон әкімшілігімен сөйлесе келе, мәселені сотқа жеткізбей шешіп, әйелдің 40 мың теңгесін қайтартып берді», – делінген Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті таратқан хабарлдамада.

Нәтижесінде тараптар дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеп, клиентке қызмет үшін төленген 40 мың теңге толық көлемде қайтарылған.

Мамандар тұтынушылар көрсетілген қызмет сапасына көңілі толмаған жағдайда өз құқықтарын қорғауға құқылы екенін еске салды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz