Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Алматы облысында құны 4,6 миллиард теңге болатын заманауи жылыжай кешенін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026
Жаңалықтар

Жобаны түркиялық инвестор жүзеге асыруға ниетті. Жылыжайда қызанақ пен банан өсіру көзделген.

Жобаны іске асыру мәселесі Алматы облысының Өңірлік даму орталығында өткен жұмыс кездесуінде талқыланды. Кездесуге түркиялық компанияның өкілдері қатысып, тараптар болашақ кешеннің негізгі параметрлері мен инвестициялық жобаны жүзеге асыру шарттарын қарастырды.

Кездесу барысында жылыжай салынатын жер учаскесін таңдау, қажетті инженерлік инфрақұрылымға қосылу және инвесторға қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары сөз болды.

Ендігі кезеңде инвестордың талаптары мен болашақ жылыжай кешенінің техникалық параметрлеріне сәйкес келетін жер учаскелерін іріктеу жұмыстары басталады.

Алматы облысының Өңірлік даму орталығы инвестициялық жобаны сүйемелдеу және оны іске асыруға қажетті мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастырады.

Жоба жүзеге асқан жағдайда Алматы облысында қызанақпен қатар, жергілікті климат үшін дәстүрлі емес дақыл саналатын банан да жылыжай жағдайында өсірілмек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz