Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында +43 градусқа дейін ыстық күтіледі

Алматы облысында алдағы күндері аптап ыстық сақталады. Синоптиктердің болжамынша, өңірдің кейбір аудандарында ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Осыған байланысты дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды денсаулықтарына ерекше мән беріп, күннің ең ыстық уақытында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Мамандардың айтуынша, сағат 11:00 мен 17:00 аралығында тікелей күн сәулесінің астында ұзақ уақыт болмаған жөн. Сондай-ақ тұрғындарға жеткілікті мөлшерде су ішу, жеңіл әрі ашық түсті киім кию, міндетті түрде бас киім тағу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ауа райы болжамдары мен ресми ескертулерді тұрақты бақылап отыру ұсынылады.

Дәрігерлер әсіресе егде жастағы адамдарға, балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар азаматтарға ерекше сақ болуды ескертеді. Егер адамда қатты әлсіздік, бас айналу, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы немесе есінен тану белгілері байқалса, дереу медициналық көмекке жүгініп немесе 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақыру қажет.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 13 маусымнан бері, яғни аптап ыстық басталған уақыттан бастап, өңірдегі медициналық ұйымдарға 1 488 адам жүгінген. Оның ішінде 367 тұрғын ауруханаға жатқызылса, 471 адамға мобильді медициналық бригадалар үй жағдайында көмек көрсеткен. Ал 650 тұрғын емханаларда ем қабылдаған.

Медициналық көмекке жүгінудің негізгі себептері қатарында бас айналу, бас ауруы, артериялық қан қысымының жоғарылауы, ентігу, мұрыннан қан кету, жалпы әлсіздік және жоғары ауа температурасының ағзаға кері әсері тіркелген.

Медицина мамандары қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау күн өтудің және ыстықтан болатын асқынулардың алдын алуға мүмкіндік беретінін айтады. Сондықтан тұрғындарға денсаулық жағдайына мұқият болып, әсіресе күннің ең ыстық мезгілінде ашық аспан астында ұзақ уақыт болмау ұсынылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
19.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Диана Ахметова
19.08.2026

Жол жүру ережесін сақтау – өмір қауіпсіздігінің кепілі

Диана Ахметова
19.08.2026

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың бастауы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz