Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Алматы облысының Балқаш ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл аудан бойынша 207 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026
Жаңалықтар

Қазіргі уақытта 9 пәтердің құрылысы толық аяқталған. Қалған 198 баспананы жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр. Бұл аудан тұрғындарының баспанаға деген сұранысын азайтып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Жаңа тұрғын үйлердің басым бөлігі аудан орталығы Бақанас ауылында салынып жатыр. Мұнда 168 пәтер бой көтеруде. Ал қалған баспаналар Миялы, Бақбақты және Ақдала ауылдарында орналасқан.

Құрылыс жұмыстарын жергілікті кәсіпкерлер жүзеге асыруда. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Нұрбол Бекбасов. Оның айтуынша, шілде айында басталған құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.

«Құрылыс жұмыстарын шілде айында бастадық. Жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз. Бір тұрғын үйде 12 пәтер орналасқан. Олардың ауданы 40, 60 және 80 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 70-ке жуық жұмысшы мен 30-ға жуық техника жұмылдырылған», – дейді кәсіпкер.

Жаңа пәтерлердің әртүрлі көлемде салынуы тұрғындардың отбасылық жағдайы мен қажеттіліктеріне сәйкес баспанамен қамтылуына мүмкіндік береді.

Құрылыс толық аяқталғаннан кейін тұрғын үйлер Балқаш аудандық құрылыс бөлімінің қарамағына беріледі. Кейін пәтерлер «Отбасы банк» АҚ арқылы әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға үлестіріледі.

Ауданда тұрғын үй құрылысын дамыту әлеуметтік инфрақұрылымды жақс

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz