Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Алматы облысының Кеген ауданында шалғай ауылдардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа ерікті өртке қарсы бекет пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Ақай Нүсіпбеков ауылында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы бекетінің жұмысын ресми түрде бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа нысанның қызмет көрсету аймағына Ақай Нүсіпбеков, Жалағаш, Жайдақбұлақ, Тоғызбұлақ және Қарабұлақ ауылдары кіреді. Аталған елді мекендерде 7 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Өртке қарсы бекет бюджеттен тыс қаражат есебінен салынған. Жобаның жүзеге асуына жергілікті кәсіпкер Қанат Өскенов қолдау көрсеткен. Нысан қысқа мерзім ішінде бой көтеріп, еріктілердің тәулік бойы кезекшілік атқаруына қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа бекетті арнайы техникамен және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырды. Атап айтқанда, бекетке өрт сөндіру автоцистернасы, өрт-техникалық жабдықтар, арнайы қорғаныш киімдері және байланыс құралдары берілді.

Министрлік мәліметінше, еріктілер арнайы дайындықтан өтеді. Оқыту барысында өрт қауіпсіздігінің негіздері, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, өрт сөндіру техникасы мен байланыс құралдарын пайдалану тәртібі үйретіледі. Сонымен қатар олардың кәсіби даярлығын сақтау үшін тұрақты түрде практикалық сабақтар мен оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін қатысушылар қорытынды тестілеуден өтеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай ерікті өртке қарсы бекеттердің ашылуы төтенше жағдайларға ден қою уақытын айтарлықтай қысқартып, шалғай ауылдардағы тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Жоба ауылдық жерлердегі азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және өңірлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған бастамалардың бірі саналады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

ІІМ Telegram-дағы жаңа алаяқтық туралы ескертті

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініш қабылдау басталды

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz