Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 14 жасқа толмағандар арасында ЖРВИ-мен ауыру өршіп тұр

Мұны өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Капсаламова айтты.

11.01.2023
Жаңалықтар

«Бүгінгі таңда бүкіл әлемде А (H1N1), А (H3N2) және В тұмауы вирустары белсенділігінің артуы байқалып отыр. Соңғы аптада Алматы облысында медициналық ұйымдарға ЖРВИ-мен 8180 адам көмекке жүгінді. Оның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалардың жиі сырқаттануы орын алып отыр. Олар жалпы ауырып жатқан адамдардың 58 пайызын құрайды», — деді Сәулет Капсаламова.

Оның айтуынша, жыл сайын облыста ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуі желтоқсан айында байқалады және ең жоғары көрсеткіштер қаңтар айында тіркеледі.

«ЖРВИ-дан бөлек, биыл тұмау статистикасы өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда нашар. Себебі, қазақстандықтар әлемдік пандемия кезінде сақтық шараларын ұстанған еді. Ғалымдардың пікірінше, тұмау және ЖРВИ-дің өршіп кетуі пандемия уақытында аталған ауруларға қарсы иммундық жүйенің қалыптаспауымен тығыз байланысты», — деді маман.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін облыста пневмонияның 1556 жағдайы тіркелді. Өңірде коронавируспен ауырып жатқандар жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыЖРВИ

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz