Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 12 гектар жерге 60 мың түп қылқан жапырақты ағаш өсіріліп жатыр

Алматы облысының Іле ауданындағы GREEN SERVICE өсімдіктер питомнигінде 12 гектар аумаққа 60 мың түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Мұнда өсірілген көшеттердің басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының елді мекендерін көгалдандыруға пайдаланылады. Питомниктің жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026
Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорында Туя күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысып, өсімдіктерді өсіру мен күтіп-баптауда қолданылатын технологияларды көрді.

GREEN SERVICE питомнигінде қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар мен көпжылдық гүлдер өсіріледі. Кәсіпорын аумағында заманауи жылыжай кешені, контейнерлік өсімдіктерге арналған арнайы аймақ, көлік-логистикалық және сауда-көрме орталығы жұмыс істейді.

Питомник өкілдерінің айтуынша, мұндағы өсімдіктер Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген және жерсіну көрсеткіші жоғары. Қазір кәсіпорын қылқан жапырақты ағаштарды өсіруге басымдық беріп отыр.

GREEN SERVICE ЖШС директоры Екатерина Пушилинаның айтуынша, қылқан жапырақты өсімдіктердің басты артықшылықтарының бірі – жылдың төрт мезгілінде де жасыл қалпын сақтауы.

«Таза қылқан жапырақты ағаштардан да бақ жасауға болады. Олар жылдың төрт мезгілінде жасыл болып қана қоймай, адамға пайдасы да зор. Жапырақтарын сыпырып, тазалап жатудың қажеті жоқ, оттегін көп бөледі. Бүгінде 12 гектар аумақта 60 мың түп қылқан жапырақты ағаш өсіріп отырмыз», – деді ол.

Кәсіпорын басшысының мәліметінше, жыл сайын питомниктен шамамен 15 мың түп шырша мен бозарша көшеті сатылады. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының елді мекендерін көгалдандыруға жіберіледі. Сонымен қатар питомник өнімдеріне көршілес елдерден де сұраныс бар.

Туя күні аясында питомник мамандары қылқан жапырақты ағаштарды дұрыс отырғызу, өсіру және күтіп-баптау ерекшеліктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Өзге аудандардан келген орман шаруашылығы мамандары питомник аумағына көшеттер отырғызды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мұндай тәжірибе алмасу «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы міндеттерді жүзеге асыруда маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін Туя күніне арналған шараға орай GREEN SERVICE ЖШС базасына келіп, мұндағы нақты тәжірибемен таныстық. Алдымызда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облысымыздың орман алқаптарына көптеп ағаш егу міндеті тұр. Сондықтан өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа технологияларды бірге меңгеріп, сенімді серіктеске айналамыз деген ойдамын», – деді Бақытнұр Бақытұлы.

Өңірде көгалдандыру көлемін арттыру үшін көшетті көптеп отырғызумен қатар, оның жергілікті климатқа бейімделуі мен кейінгі күтіміне де басымдық беріліп отыр. GREEN SERVICE питомнигіндегі тәжірибені осы бағыттағы жұмыстарда пайдалану көзделеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұйғыр ауданында жүгері алқабы ұлғайып келеді: агросекторға 87 млрд теңге инвестиция салынады

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026

Алматы облысында 12 гектар жерге 60 мың түп қылқан жапырақты ағаш өсіріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026

Алматы облысының көкпаршылары Көшпенділер ойындарына аттанды

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026

Алматы облысында 54 отбасы баспаналы болды: жыл соңына дейін тағы 645 пәтер беріледі

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026

Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт болады – Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сайлауы туралы

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz