Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 100-ге жуық саяжай алқабы ауылдарға қосылады

Алматы облысының Іле ауданында 98 саяжай алқабын жақын маңдағы елді мекендердің құрамына қосу жоспарланып отыр. Бұл саяжай тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және жер учаскелерінің құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2026
Жаңалықтар
Қазіргі таңда Іле ауданында 3 313 үйі бар 123 саяжай алқабы орналасқан. Онда 71,7 мыңға жуық адам тұрады, оның 67 мыңға жуығы – тұрақты тұрғындар. Алайда саяжай аумақтарының басым бөлігі әлі күнге дейін қажетті инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілмеген.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, төрт елді мекеннің шекарасы айқындалып, олардың құрамына 61 саяжай алқабы енгізілген. Атап айтқанда, Асқар Тоқпанов ауылына 19, Жайнақ ауылына үш, Жәпек батыр ауылына 14, Көкқайнар ауылына 25 саяжай алқабы қосылады. Сондай-ақ Түймебаев атындағы ауылдың құрамына бес саяжай алқабын енгізу көзделген.

Бұдан бөлек, тағы сегіз елді мекеннің бас жоспары әзірленген. Аталған құжаттарда 32 саяжай алқабын ауылдардың құрамына қосу қарастырылған.

Қосөзен ауылының шекарасына тағы 12 саяжай алқабын енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта мамандар тиісті құжаттарды әзірлеп, аумақтардың шекарасын айқындауда. Сонымен қатар Күрті ауылы мен Боралдай кентінің бас жоспарларын әзірлеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жергілікті билік Жайнақ, Тілендиев, Төле би, Қосөзен және Көктерек ауылдарының бас жоспарларына түзетулер енгізу жұмыстарын да бастаған.

Дегенмен елді мекендердің шекарасынан тыс орналасқан тоғыз саяжай алқабын әзірге ауылдардың құрамына қосу мүмкін болмай отыр.

Саяжайлар елді мекендердің құрамына енгізілгеннен кейін тұрғындар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысына өзгертіп, саяжай үйлерін тұрғын үй ретінде заңдастыра алады. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуге тұру мүмкіндігіне ие болады.

Өз кезегінде әкімдік аталған аумақтарға инженерлік коммуникациялар тартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Акжаркын
26.11.2026

Алматы облысында құны 30 млн долларды құрайтын жаңа өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Акжаркын
26.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
26.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
26.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
26.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz