Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысынан Парламенттің Сенат депутаттығына өткен Жанболат Жөргенбаев кім? — өмірбаян

Жанболат Жөргенбаев 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамырына дейін Алматы облыстық мәслихат депутаты болған.

15.01.2023
Жаңалықтар

Ал өткен жылдың мамырынан Парламенттің Жоғарғы палатасы тарағанға дейін Сенат депутаты қызметін атқарған. Биыл қайтадан облыстың атынан алдын ала сайлау нәтижесі бойынша Сенат депутаттығына өтті.

Қайта сайлауға түскен депутаттың өмірбаянын тарқатып айтсақ, ол 1960 жылы қазанның 26 күні Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. Үйленген, төрт баласы бар. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген.

1987 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығын және Мемлекеттік агроөнеркәсіп кешенінің бас қызметкерлерін дайындайтын Бүкілодақтық институтты тәмамдаған. Ал 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің құқықтану мамандығын меңгеріп шыққан.

Еңбек өтілі:

  • Талғар ауданы Алматы мал бордақылау кеңшарының инженері, жылутехнигі, ауылшарушылық дақылдарын өсіру бригадирі, аға инженері (1978-1992);
  • «Дулат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (1992-1993);
  • Киров ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Киров ауылдық округінің әкімі (1993-1998);
  • Алматы облысы Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары (1998-1999);
  • Қапшағай қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1999-2001);
  • Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары (2001-2003);
  • Консорциум «Идиль-Ақсу» ЖШС-ң жоба жетекшісі (2003-2005);
  • «Ақсу» АҚ вице-президенті (2005-2006);
  • «Ақсу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2009);
  • «Қарасай Құрылыс» ЖШС-ң Бас директоры (2009-2019);
  • «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019-2021).

Сонымен қатар ол бірнеше Мемлекеттік және халықаралық марапаттың иегері:

  • «Құрмет» орденінің иегері;
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған;
  • Талғар, Қарасай, Райымбек аудандарының «Құрметті азаматы»;
  • Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы».
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz