Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: ТЖД-нің «Қазқұтқару-2022» оқу-жаттығуы басталды

Өңірдің "Тамғалы-Тас"шатқалында "Қазқұтқару-2022" кешенді тактикалық оқу-жаттығуы басталды. Мұны облыстық Полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми аккаунтында жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

08.09.2022
Жаңалықтар

Бұл шара қыркүйектің 7-17 аралығында «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өтеді.

Кешенді тактикалық оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР ТЖМ қатысты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Желідегі мәліметке сүйенсек, бұл шара мынадай мақсаттарды көздейді:

  • іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру;
  • авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру;
  • іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу;
  • жарысқа қатысушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру;
  • құтқарушылардың физикалық дайындығын тексеру.

Жарыс 5 түрлі сынақ кезеңдерінен тұрады:

  • техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары;
  • акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары;
  • табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары;
  • орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета;
  • белтемірдегі кешенді күштік жаттығу.

Жарысқа құтқару бөлімшелері, сондай-ақ ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс саласындағы әскери қызметші-құтқарушыларының командалары қатысады.

ПД мәліметінше, салтанатты шара барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ТЖД қашанда кез келген жағдайға дайын болу керектігін атап өтті. Және материалды-техникалық базаны ұлғайту үшін бөлінетін қаржының жылдан-жылға көбейіп жатқандығы жайлы да сөз етті.

Тегтер: оқу-жаттығуТЖД

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz