Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

3 млрд теңге: Талғар тұрғындары «BI Group» салған мектептің сапасына наразы

Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді 25 тамызға дейін түзеуі тиіс, деп хабарлайды Alataunews.kz аудандық әкімдікке сілтеме жасап.

15.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Оқу орнының қабырғалары жарылып, сыз тартып, төбесі опырылып жатыр. Ал мектептің бюджетіне 3 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалған.

«Әкімдік бұл мектепті кімге мақтану үшін салды. 1200 орындық таңдаулы, заманауи мектеп деген еді. Ал қазір мектепке оқушы жетіспей отыр. Бастауыш сынып оқушыларын басқа мектептен ата-ананың рұқсатынсыз ауыстыруды ұйғарыпты. Ал заң бойынша баланың қай мектепке баратынын ата-ананың өзі таңдайды емес пе?» — дейді ата-аналар.

Бұл мәселеге қатысты Талғар аудандық әкімдігі кемшіліктерді мердігер компания жаңа оқу жылы басталғанға дейін түзейтінін айтты.

«Тек бірінші қабаттағы қабырғалар жарыла бастаған. Кемшіліктер қайта жөнделеді. Мектеп ішінде ұл-қыздарға бөлек-бөлек дәретханалар бар. Сонымен қатар жоба бойынша аулада да әжетхана салу қарастырылған. Мердігер компания мектептегі кемшіліктерді 25 тамызға дейін түзеуі тиіс», — делінген әкімдік хабарламасында.

Тегтер: мектепТалғар

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz